«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ
ДАМЫТУ АГЕНТТІГІНІҢ ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК
МЕКЕМЕСІ
120014, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Абай даңғылы, 52
телефон: 23-74-35 факс: 8 (7242) 23-74-35
№ 2/54
РЕСПУБЛИКАНСКОЕ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
«ДЕПАРТАМЕНТ АГЕНТСТВА ПО
ЗАЩИТЕ И РАЗВИТИЮ КОНКУРЕНЦИИ
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
ПО КЫЗЫЛОРДИНСКОЙ ОБЛАСТИ»
120014, Республика Казахстан, Кызылординская область, город Кызылорда, проспект Абая, 52
телефон: 23-74-35 факс: 8 (7242) 23-74-35
Қызылорда облысының
кәсіпкерлік және өнеркәсіп
басқармасының басшысы
М.Тәжібаевқа
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Қызылорда облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент), Сіздің, 2026 жылғы 13 ақпандағы № 03-07/460 «Байқоңыр» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – ӘКК) жүзеге асыратын қызмет түрлерін кеңейтуге келісім беру туралы өтінішхатыңызды қарап, төмендегіні хабарлайды.
Департамент, 2026 жылғы 14 сәуірдегі ӘКК жоспарлап отырған қосымша қызмет түрлері бойынша тауар нарықтарына жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша Қорытындысына және Агенттіктің 2026 жылғы 13 сәуірдегі № 01-12/835-И хатына (ӘКК қызмет түрлерін кеңейтуге қатысты өтінімдерді келісу туралы) сәйкес, ӘКК-ның қызмет түрлерін «Ауыл аманаты» ауыл халқының табысын арттыру мемлекеттік бағдарламасы аясында қаржылық лизинг (ЭҚЖЖ 64.91.1) және «ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарына айналым қаражатын толықтыру және өңдеу (кіші саланы көрсетпей) инвестициялық мақсатқа несие беру (кіші саланы көрсетпей)» (ЭҚЖЖ 64.92.9) қызмет түрлерімен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысымен бекітілген Тізбеге (бұдан әрі – Тізбе) келесі өзгерістерді енгізу және бәсекелестікті шектемеу шарттарымен кеңейтуге келісім береді:
– заңды тұлғаның атауын енгізу;
– Тізбенің 288 және 291-жолдарының 5-бағанасын келісім беріліп отырған қызмет түрлерімен толықтыру;
– Тізбенің 6 және 7-бағаналарында қызмет көрсету аумағы ретінде Қызылорда облысын және қатысу мерзімі ретінде 3 (үш) жылды белгілеу.
Сонымен қатар, Департамент Агенттіктің жоғарыда аталған хатына сәйкес, ӘКК-ның қолданыстағы жарғылық қызметін төменде көрсетілген редакциядағы қызмет түрлеріне сәйкес келтіруді қамтамасыз ету қажеттігін хабарлай отырып,