оның орындалуы туралы ақпаратты 2026 жылғы 29 сәуірге дейінгі мерзімде ұсынуды сұрайды.
1. «Холдингтік компаниялардың қызметі» ЭҚЖЖ 64.20.0 (егер еншілес ұйымдар болса);
2. «Коммерциялық қызмет және басқару мәселелері бойынша консультация беру» ЭҚЖЖ 70.22.1;
3. «Экономикалық қызметті реттеу және тиімді жүргізуге жәрдемдесу» ЭҚЖЖ 84.13.0;
4. «Туризм саласындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру» ЭҚЖЖ 64.92.9;
5. «Шағын индустриялық аймақтарды және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуге кредиттеу» ЭҚЖЖ 64.92.9.
Осыған байланысты, қалған сәйкес келмейтін қызмет түрлері ӘКК-ның Жарғысынан алып тасталуы қажет.
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 192-бабы 4-1-тармағына сәйкес, мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен үлестес тұлғалардың жүзеге асыратын қызмет түрлерін құруды, кеңейтуді және (немесе) өзгертуді көздейтін құқықтық актілердің жобалары монополияға қарсы органмен міндетті түрде келісуге жатады.
Осыған орай, ӘКК-ның қызмет түрлерін кеңейту және өзгерту бөлігінде Жарғысына енгізілетін өзгеріске қатысты нормативтік құқықтық акті жобасын ресми түрде Департаментпен келісу қажет.
Сондай-ақ, ӘКК Жарғысы әділет органында тіркелгеннен кейін, Жарғының көшірмесін Департаментке жіберу қажет екендігін назарларыңызға жеткіземіз.
Департамент Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 85-бабының 4-тармағына сәйкес, кәсіпкерлік субъектілерінің бәсекелестікті негізсіз шектеу бөлігінде өтініштері болған кезде келісілген қызмет түрлерін кері қайтарып алу құқығын өзіне қалдырады.
Ескерту:
Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидаларына сәйкес, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Үкімет қаулыларының жобаларын мемлекеттік органдар өз құзыретіне сәйкес, өз бастамасы бойынша немесе жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың тапсырмалары бойынша әзірлейді.
Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 428 Жарлығымен Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі құрылып, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынады және есеп береді, бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласында басшылықты, мемлекеттік монополия саласында жатқызылған қызметті бақылау мен реттеуді, сондай-ақ тауар биржалары саласындағы қызметті мемлекеттік бақылауды және лицензиялауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
Әкімдік – тиісті аумақта мемлекеттік саясатты іске асыруды, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінің үйлестірілген жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару функцияларын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган.