«БАЙҚОҢЫР (БАЙҚОҢЫР)»
ӘЛЕУМЕТТІК-КӘСІПКЕРЛІК КОРПОРАЦИЯСЫ
АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
120014, Қызылорда қаласы, С.Бейбарыс көшесі, 3Б,
тел/факс: 8 (7242) 40-06-28
e-mail: office_spk@list.ru
№ 01-08/545
15.04.2026
Қызылорда облысының
кәсіпкерлік және өнеркәсіп
басқармасына
Қоғамның Жарғысына өзгеріс енгізу туралы
«Байқоңыр (Байқоңыр)» ӘКК» АҚ-ы (бұдан әрі – Қоғам) Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің тапсырмасы шеңберінде Қоғам Жарғысын жүзеге асырылатын қызмет түрлеріне сәйкес ЭҚЖЖ тізбесімен үйлестіру бойынша төмендегіні хабарлайды.
Қоғамның Жарғысына кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық қолдауды, инвестициялық жобаларды іске асыруды, лизингтік қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де қызмет түрлерін қоса алғанда, жүзеге асырылатын операцияларды ескере отырып, Қоғамның мақсаттарын, қызмет түрлері мен функцияларын өзектендіруге бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 177-бабына сәйкес Қоғамның жарғысына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша акциялардың мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы берілген тиісті саланың уәкілетті органының құзыретіне жатады.
Осыған орай, Жарғының жаңа редакциясының жобасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келісуге жіберіледі. 29.04.2026 жылға дейін орындау мерзімін сақтау үшін қосымша қызмет түрлерімен толықтырылған Қоғам Жарғысының жаңа редакциясын келісу және бекіту сұралады.
Сондай-ақ, Жарғының жаңа редакциясының жобасын Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің талаптарын сақтау шеңберінде келісу жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне жолдауды сұраймыз.
Қоғам қажет болған жағдайда, Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызмет түрлерін одан әрі кеңейту жөнінде тиісті өтініш жолдайтынын қосымша хабарлайды.
Қосымша: «__» парақта.
Басқарма төрағасы
Е. Бердібаев
Орынд.: Махметова С.
Тел.: 40-06-20