Жол үсті.
Туған жер көлбеп қалуда
Дөңгелек үні орнықты.
Тербеліп менің жанымда
Қалықтап жүрген сияқты.
Қалықтап қиял жарысып
Келді қалмай поезбен
Тұлпардай озу ойласып
Төгілмей шашылған желіспен.
Дөңгелеп белдер алыптар
Арт жақта сусып қалуда.
Айнадай көлшік, бір шоқ тал
Суретін түсірткен жаныма.
Жолдар кітап беттері.
Өмірдің өзі жазылып жатқан кітаптай
Күндері оның жазылар сансыз парақтай
Белгілі кезең бөлімге үлкен ұқсайды
Әр жылы осы бөлімнің әрбір тарауы.
Жиырма жылда кіріспе бөлім жазылды
Негізгі бөлім өмірдің көбі алдында
Балалық көңілім өткіздің сен күлген жазыңды
Ұялмасын өмірім өкінбей қарап алдыңда.
Қар жауып ішінде қалғандай дала жаңарып
Төңірек бір бей мәлім бейне шығарды
Таңменен бірге із түсейік қарға жаңа өріп
Өмірдің хаты жазылып тұрар тоқталмай.